ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ұлттық аккредиттеу орталығымен бірлесіп КПТҮ басқарушыларын сертификаттауға жәрдемдеседі
Астана қаласында 2024 жылғы 21 маусымда «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Ұлттық аккредиттеу орталығы арасында «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығы» ПСРЖО аккредиттеу саласын кеңейту» тақырыбында үшжақты кездесу өтті

Астана қаласында 2024 жылғы 21 маусымда «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және Ұлттық аккредиттеу орталығы арасында «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығы» ПСРЖО аккредиттеу саласын кеңейту» тақырыбында үшжақты кездесу өтті.

Үшжақты кездесу барысында тану орталықтарын аккредиттеу және «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 4 шілдедегі Заңының күшіне енуіне байланысты көппәтерлі тұрғын үй басқарушыларын одан әрі сертификаттау мәселесі талқыланды.

Өз кезегінде, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығы» ПСРЖО базасында КПТҮ басқарушыларын сертификаттау саласындағы аккредиттеуді кеңейту КПТҮ кәсіби басқаруды дамытуға ықпал етеді және ТКШ саласындағы білікті мамандар тапшылығын толтыруға мүмкіндік береді.

Үшжақты кездесудің қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының "мемлекеттік басқарудағы персоналдың сәйкестігін тану орталығы" ББ ОПС базасында КПТҮ басқарушыларын сертификаттау саласында аккредиттеуді кеңейтуді іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру және жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.