ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен XinXing компаниясы (Қытай) Қазақстанда беріктігі жоғары шойыннан жасалатын құбырлар шығаратын зауыт құрылысын талқылауда
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанда сумен жабдықтау, кәріз және жылумен жабдықтауға арналған беріктігі жоғары шойыннан жасалатын құбырлар шығаратын зауыт салу жобасын талқылау шеңберінде қытайлық XinXing Ductile Iron Pipes Co., Ltd компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанда сумен жабдықтау, кәріз және жылумен жабдықтауға арналған беріктігі жоғары шойыннан жасалатын құбырлар шығаратын зауыт салу жобасын талқылау шеңберінде  қытайлық XinXing Ductile Iron Pipes Co., Ltd компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу сындарлы диалог пен өзара түсіністік бағытында өтті.

Кездесуде зауыттың орны, преференциялар беру және жобаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өнім сапасының жоғары стандарттарын және компанияның халықаралық нарықтағы озық тәжірибесін ескере отырып, XinXing-пен серіктес болуға деген қызығушылығын білдірді. Тараптар серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Келіссөздердің нәтижесі одан әрі өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізу болды. Екі тарап Қазақстанның инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болатын және еліміздегі сумен жабдықтау және су бұру сапасын жақсартуға ықпал ететін жобаны іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеу ниетін растады.

XinXing Ductile Iron Pipes Co., Ltd сумен жабдықтау және су бұруға арналған шартәріздес графиті бар беріктігі жоғары шойын материалдарын жасайтын жетекші әлемдік өндіруші болып табылады. Концерн қызметінің негізгі бағыттарына шойын мен болат шығару, құбырлар, фасонды бөлшектер және басқа да өнімдер өндіру, сондай-ақ жабдықтар жасау жатады. Концерн ҚХР-дың негізгі мемлекеттік кәсіпорындарының қатарына кіреді және 1997 жылдан бастап Шэньчжэнь қор биржасында тіркелген. Он жыл ішінде XinXing беріктігі жоғары шойыннан жасалған құбырларды өндіру көлемі, сондай-ақ валюталық түсім көлемі мен нарық үлесі бойынша бірінші орында тұр. Компанияның өнімі Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 120 еліне экспортталады. XinXing шығарған құбырлар мен фитингтер Бейжіңдегі олимпиадалық нысандарға арналған инженерлік желілерді салуда және басқа да ірі жобаларда қолданылды.