Солтамбеков Нұрлан Қожахметұлы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып сайланды (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы).
Н.Қ. Солтамбеков 1973 жылы 5 тамызда Алматы қаласында туған. 1998 жылы Алматы сәулет-құрылыс академиясын бітірген, «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Еңбек жолын Алматы қаласы «Қазселденқорғау» РМҚК өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасы ағаш өңдеу цехының шебері қызметінен бастаған.
2001-2008 жылдары Алматы қаласының мемлекеттік мекемелерінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша жетекшілік етті.
2008-2013 жылдары Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болды.
2013-2018 жылдары Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет істеді.
Соңғы жылдары Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын, Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды, Астана қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 20 жылдан асады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың түрлі мәселелерін шешуде үлкен практикалық тәжірибесі бар.
«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен, «Қазакстанның құрметтi құрылысшысы», «Құрметті жолшы» ведомстволық төсбелгілерімен наградталған.