ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«Жаңа формация басшысы» жобасының қатысушылары Өнеркәсіп және құрылыс министрлі Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты
2 желтоқсан күні ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Назарбаев Университеті бірлесіп ұйымдастырған «Жаңа формация басшысы» жоғары лауазымды жетекшілердің қайта даярлау бағдарламасының қатысушылары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты
03
декабрь

2 желтоқсан күні ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Назарбаев Университеті бірлесіп ұйымдастырған «Жаңа формация басшысы» жоғары лауазымды жетекшілердің қайта даярлау бағдарламасының қатысушылары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.

Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттіліктерін және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру.

Кездесу барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ атқарушы директоры Үкібай Нұрпейісов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттық технологияларды енгізу процесімен таныстырды. Өңір аппарат басшылары мен аудан әкімдеріне көктемгі су тасқынынан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру бойынша Ахуалдық орталығының оң тәжірибесі баяндалды. Еске салсақ, су тасқынынан 10 облыс, 47 аудан, 5 облыс орталығы және 224 елді мекен зардап шеккен болатын. 11 987 тұрғын үй мен 5 616 саяжайларға зиян келтірілді. Зардап шеккен аймақтармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 2 680 жаңа үй салынды, 5 767 тұрғын үй мен пәтер сатып алынды, 9 156 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Ү.Нұрпейісов «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры», «ТКШ бірыңғай платформасы» жобаларын таныстырды.

Кездесуде Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова бақылау, ашықтық, процесстердің оңтайландыруын жақсартудағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудың маңызды рөлін атап өтті. Бұл бюрократиялық рәсімдерді алып тастауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге көмектеседі.

Сондай-ақ, қатысушылар министрлік жүзеге асырып жатқан жобалар, соның ішінде үлестік құрылыс мониторингі, Бірыңғай төлем құжатын аудан мен ауыл деңгейінде кеңейту мәселелері туралы ақпарат алды.

Шара соңында қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылап, пікір алмаса отырып, тәжірибелік кейстерімен бөлісті.