«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы – 9 (тоғыз) адам, оның ішінде 3 өкіл – мемлекеттік орган мен Қоғамнан, 6 өкіл – коммерциялық емес ұйымдардан, Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге» сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін тілек білдірушілер келесі құжаттарды сілтеме арқылы жолдайды:
Назар аударыңыз: жұмыс тобының отырыстарына дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар ретінде коммерциялық емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін тұлға «байқаушының өтініші» деген тіркеу нұсқасын таңдап, нысан бойынша өтініш тапсыруы қажет.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 ж 15 шілде
Құжаттар «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» акционерлік қоғамының атына https://zhkhteam.kz/ сілтемесі арқылы жолданады.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 999-440 Маржан