ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ТКШ Қазорталығында ғимараттарды жаңғырту мәселесі талқыланды
«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ алаңында Германияның Энергетикалық агенттігі (dena), Қазақстанның тұрғын үй компаниясы және FELICITY II жобасының өкілдерімен кездесу өтті

«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ алаңында Германияның Энергетикалық агенттігі (dena), Қазақстанның тұрғын үй компаниясы және FELICITY II жобасының өкілдерімен кездесу өтті.

Тараптар энергия тиімділігі мен тұрақты даму қағидаттарына негізделген ғимараттарды жаңғырту саласындағы бірлескен бастамаларды талқылады. Қаржыландыру мәселелері мен халықаралық тәжірибені Қазақстан жағдайына бейімдеу ерекше назарда болды.

Кездесу энергетикалық диалог аясында өтіп, тұрғын үй инфрақұрылымын тұрақты дамыту саласындағы Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал етті.