ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына өтінімдерді қарау бойынша отырыс
«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру мақсатында жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша отырыс өтті. Отырысқа Солтанбеков Н.К. төрағалық етті

«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру мақсатында жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша отырыс өтті. Отырысқа Солтанбеков Н.К. төрағалық етті.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы мен Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді азаматтар қатарынан қалыптастырылады.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, жұмыс тобының сандық құрамы мен мемлекеттік органнан өкілдердің дербес құрамы Қоғам төрағасының бұйрығымен айқындалды. Жұмыс тобының жалпы саны – 9 адам, оның ішінде: Қоғам тарапынан – 3 өкіл, азаматтық қоғамнан – 6 өкіл.

Жұмыс тобының құрамына іріктеу рәсімі ашық дауыс беру арқылы, тікелей қатысу тәртібімен өткізілді. Конкурсқа барлығы 11 адам қатысты. Заңнамаға сәйкес, үміткер өзінің кандидатурасына дауыс бере алмайды.

Байқаушылар қатарынан 1 адам қатысты.

Дауыс беру рәсімінің алдында жұмыс тобына үміткерлер өздерін таныстырып, өз қызметі туралы ақпарат берді. Содан кейін ашық дауыс беру жүргізілді. Отырысқа барлығы 9 адам қатысты, оның ішінде 4 адам онлайн форматта қосылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған кандидаттардың тізімі бекітіліп, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі жарияланды.