Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ бұйрығының талаптарына сәйкес, Қоғам жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізуге дайындық шараларының басталғаны туралы хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 15 (он бес) адам.
Азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурсқа қатысу үшін он жұмыс күні ішінде сілтеме бойынша міндетті құжаттар тізбесін қарауға жібереді: https://zhkhteam.kz/
1) Коммерциялық емес ұйым басшысы қол қойған жазбаша ұсыным (ұсыным хат);
2) Қоғамдық кеңес құрамына үміткер ретінде өзін ұсыну туралы азаматтың өтініші (нысаны бойынша);
3) Үміткердің кәсіби және қоғамдық қызметі туралы өмірбаяндық деректері көрсетілген мәліметтер;
4) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан алынған соттылығы бар/жоқтығы туралы анықтама (egov);
5) «Психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер» психоневрологиялық ұйымы тарапынан анықтама (egov);
6) наркологиялық науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер (egov);
7) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (egov);
8) Үміткердің жеке деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі (өтініш беру кезінде рәсімделеді).
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткер тұлға келесі талаптарға сай болуы тиіс:
1) коммуналдық қызметтер, құрылыс, ТКШ, экономика саласында не аралас салаларда кемінде 3 жыл кәсіби жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) жобаларға, зерттеулерге, жарияланымдарға қатысуымен немесе табысты практикалық қызметімен расталған сараптамалық беделінің болуы;
3) кәсіби ортада танылған беделге ие ұйымның мүдделерін білдіру;
4) үміткер коммерциялық емес ұйымның ұсыным хаты болған жағдайда заңды тұлға тарапынан ұсынылады және беріледі;
5) Кеңес жұмысына қатысу барысында мүдделер қақтығысының болмауы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сот жазасы болмауы тиіс;
7) заңмен белгіленген тәртіппен сот арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы тиіс;
8) психикалық денсаулық саласында психикалық, мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар), соның ішінде психоактивті заттарды пайдалануымен байланысты бұзылулар бойынша медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.
Құжаттарды 2025 жылғы 11 тамыздан бастап 22 тамыз аралығында жүргізіледі.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 999-440 Маржан