Жиын барысында ТКШ ҚазОрталығының есептеу құралдарын орнатуды қаржыландыру механизмдері– қаржы лизингі мен мақсатты несиелеу бойынша толық ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, үйге ортақ есептеу құралдарын орнатудың артықшылықтарына баса назар аударылып, халық үшін үйге ортақ жылуды есептеу құралдарының экономикалық тиімділігіне қатысты мысалдар келтірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша ТКШ ҚазОрталығы Павлодар облысының ЖАО-мен бірлесіп, ұсыныстар әзірледі және тұрғын үй - коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңір бойынша жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік құралдармен жарақтандыру деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған одан арғы шараларды белгіледі.