ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ХАБАРЛАНДЫРУ! «ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӨТЕТІН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНА ТЫҢДАУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ.
ХАБАРЛАНДЫРУ! «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ 2020 жылғы 5 маусымда Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде мүлік иелері бірлестіктерінің төрағалары, ЖАЙ серіктестіктің сенімді тұлғалары, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, көппәтерлі тұрғын үйді басқару және күтіп-ұстау жөніндегі басқарушы компаниялар үшін біліктілікті арттыру курстарына тыңдаушыларды қабылдайды.
22
апрель

Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы көппәтерлі тұрғын үйді басқару және күтіп-ұстау бойынша мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е. Б. Сыдықовпен келісіліп, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Б. Атамқұловпен бекітілді.

 

Бағдарлама келесі негізгі бөлімдер бойынша 55 сағат оқытуды көздейді:

1) КПТҮ басқармасы (кіріспе бөлім). Тұрғын үй қатынастары мен ТКШ реттейтін ҚР заңнамасы.

2) КПТҮ-ні МИБ немесе ЖС басқаруға қабылдаудың жалпы шарттары;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және оның көріністеріне қарсы іс-қимылдың негізгі аспектілері;

4) МИБ және ЖС жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;

5) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін және үй маңындағы аумақты санитарлық күтіп-ұстауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Сервистік қызмет субъектілерімен шарттар жасасу.

6) Кондоминиумның инженерлік жүйелері мен конструктивтік элементтерін күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау. Жылыту маусымына дайындық. Сервистік қызмет субъектілерімен және коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдармен шарттар жасасу. КПТҮ авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру. Жылумен жабдықтау жүйелері. Жылу пункттері. Жылу пункттерінің жабдықтары, олардың мақсаты.

7) Электрмен жабдықтау желілерін пайдалану бойынша МИБ-тің негізгі міндеттері мен әрекет ету аясы.

8) Сумен жабдықтау және су бұру желілерін пайдалану бойынша МИБ-тің негізгі міндеттері мен әрекет ету аясы.

9) Лифт шаруашылығы;

10) Желдету жүйесі;

11) КПТҮ (жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ҚЕ, ЕҚ және ҚТ) қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

12) ТКШ-дағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптары;

13) ТКШ саласын цифрландыру;

14) Конфликтология.

 

Біліктілікті арттыру курстары онлайн режимде Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің платформасында, сондай – ақ ақылы негізде өткізіледі, оқу құны-35 000 теңге.