ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР БОЙЫНША" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ" ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 8 ақпанында өткен дөңгелек үстелге бастамашы ретінде Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалының басшысы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты - Әлібек Шапенов, "Қоғамдық қорғаушы" тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау одағы" РҚБ-нің Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Халық партиясының мүшесі - Талғат Мұхамедғалиев болды.
08
февраль

Онлайн-форматта өткен отырысқа "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Өңірлік даму және әдістеме департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов, Алматы қаласы аудандық әкімдіктерінің ТКШ бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінің мүлік иелері бірлестіктерінің төрағалары қатысты.

 

Күн тәртібінде елімізде жүргізіліп жатқан ТКШ реформасының, кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа формаларына (мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік) көшудің маңыздылығына назар аударылды. Қатысушылар МИБ-ті тіркеу және ЖС құру бойынша проблемалық мәселелерді, реформаларды жүргізу процесін жеделдету мәселелері қозғалды. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ өкілі түсіндірмелер беріп, көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудағы жаңа тәсілдері туралы анықтамалармымен бөлісті.

 

Өткізілген дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, қатысушылар ТКШ саласындағы реформаларды іске асыру бойынша тиісті ұсынымдар берді.