Сұхбат басқарудың жаңа формасына көшу мәселесі болды. Осылайша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қатысты күшіне енген заңға сәйкес, тұрғындар ПИК-тің орнына кондоминиум объектісін басқарудың жаңа формасы - мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестігін (ЖС) таңдауы тиіс.
Аталған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласаындағы реформаның бірегей операторы "ТКШ ҚазОрталығы" болып табылады.
Осы кезекте акционерлік қоғамның Өңірлік даму және әдістеме департаментінің директоры Марғұлан Әбдікәрімовтің айтуынша:
«МИБ-бұл әділет органдарына тіркеуге жататын заңды тұлға. Оны құру кезінде басқару формасын таңдау үшін жиналыс өткізу керек. Бірақ бұл ретте меншік иелерінің бірлестігін құру үшін 50% астам кворум болуы тиіс. Мұның бәрі хаттамада жазылады, егер тұрғындардың өздері дауыстарды дұрыс санаса, кворум бар, көпшілік шешім қабылдады, сәйкесінше хаттама заңды болып саналады. Жай серіктестік құру үшін мұнда барлық тұрғындардың 100% келісімі қажет және әрбір меншік иесі жай серіктестік құру туралы шартқа қол қоюы тиіс. Осы кезекте аз пәтерлі үйлерде жай серіктестік құру ұсынылады. Егер бұл аз пәтерлі үй болса, сәйкесінше, тұрғындар бірін-бірі жақсы біледі және бұл бірестікті кедергісіз құруға негіз бола алады»
Айта кетсек, ақпан айының басында елімізде 695 МИБ және 1040 жай серіктестік тіркелген. Бұл ретте басқарудың екі нысаны да "бір үй – бір бірлестік – бір шот"қағидаты бойынша жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Департамент директорымен сұхбат барысында көп пәтерлі тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде тіркеу тәртібі, көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің құқықтары туралы, үйдің басқарушысы мен басқарушы компанияның қызметі туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тетіктері және т. б. мәселелер қозғалды.