ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Атырау облысын Аспаптандыру мәселелері бойынша кеңес.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ коммуналдық қызметтерді есептеудің үйге ортақ құралдарын орнатуды қаржыландырудың механизмдерін түсіндіру бойынша белсенді жұмысты жүзеге асыруда. 2021 жылғы 24 ақпанында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Атырау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, өңірдің аспаптандыру мәселелері бойынша кезекті жиын ұйымдастырды. Жиынға Атырау облысының және қалалардың ЖАО өкілдері, жылумен және сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілері және жылу мен суды есепке алу құралдарын жеткізушілердің өкілдері қатысты.
24
февраль

Басқосу барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ есептеу құралдарын орнатуды қаржыландыру механизмдері - қаржы лизингі және мақсатты несиелендіру бойынша толық ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, үйге ортақ есептеу құралдарын орнатудың артықшылықтары туралы сөз қозғалып, халық үшін үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарының экономикалық тиімділігіне мысалдар келтірілді. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында өңір бойынша үйге ортақ жылуды және суды есептеу құралдарымен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған алдағы іс-шаралар талқыланды.