ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«Бір үй – бір бірлестік» - «Хабарr» арнасының «7 күн» апталық шығарылымында
21 ақпанда «Хабар» арнасының «7 күн» кезекті апталық шығарылымында пәтер иелерінің кооперативінің мүлік иелерінің бірлестігіне ауысудағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы реформаға қатысты мәселелер болды.
21
февраль

2020 жылдың басынан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына түзетулер күшіне енді. Түзетулерге сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқарудың жаңа тетіктері қарастырылған. Басты қағида: «Бір үй - бір бірлестік - бір шот».

Сюжете  көппәтерлі тұрғын үйлердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес,  мүлік иелерінің бірлестігіне  немесе жай серіктестік ретінде басқарушы формасына көшу процесінде туындайтын сұрақтар көтерілді. Ондағы жаңа басқару формасына көшудегі бұрынғы басқарушы органдар ПИК-тер мен жаңадан құрылған МИБ-тердің заңды міндеттемелері мен құқықтары және орындалуға тиіс нормалар болды. Яғни, бұрынғы басқарушы орган болған кейбір  ПИК-тер тарапынан жаңа басқару формасы МИБ-ке тиісті Ережеге қатысты құжаттарды жасанды түрде бермеуі, ПИК-дің қажетті деңгейде өз жұмыстарын атқармайтындығы және жұмсалатын қаржының ашықтығының жоқтығы сынды мәселелер айтылды.

Осы орайда, ПИК-тен МИБ-ке көшудегі және оны заң шеңберінде құрудағы тетіктері туралы, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов түсініктеме берді.

Бағдарлама сюжетін zhkh.kz сайтының бейнероликтер бөлімінде көруге болады.