ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Аспаптандыру және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау бойынша Қарағанды қаласына жұмыс сапары
2021 жылғы 26 ақпанда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Р.М. Кулов «Қарағанды Су» ЖШС өкілдерімен кездесуді өткізді.
26
февраль

Кездесу барысында бюджеттік кредит беру шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлерді деректерді қашықтықтан беретін жалпыүйлік су есептеу аспаптармен жабдықтандыру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, бұл күні қаржылық лизинг шарттары бойынша сервистік қызмет көрсету мониторингі шеңберінде Қарағанды қаласында орнатылған жалпыүйлік жылу есептеу аспаптарын көзбен шолып қарау жүзеге асырылып, «Enerco» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында тараптар көп пәтерлі тұрғын үйлерде есепке алу аспаптарын орнату мәселелерін, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйлердегі жеке есепке алу аспаптарын модемдермен қамтамасыз ету және жеке автоматты жылу пункттерімен жарақтандыру мәселесі талқылады.