Кеңеске Шығыс Қазақстан облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы, жылу және сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері де қатысты.
Кеңес барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның қаржылық лизинг және мақсатты несиелеу сияқты есептеу құралдарын орнатуды қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, жалпыүйлік есептеу құралдарын орнатудың артықшылықтары айтылып, жылу есептеу жалпыүйлік құралдарының халық үшін экономикалық тиімділігінің мысалдары келтіріліп, сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Семей қаласы бойынша жылу және су есептеу жалпыүйлік құралдарымен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар талқыланды.