ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан обылысын аспаптандыру мәселелері бойынша кеңес
2021 жылғы 12 наурызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Кулов .Р.М. Шығыс Қазақстан обылысың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, облыстың көп пәтерлі тұрғын үйлерін жылу және суды есептейтін жалпыүйлік құралдарымен жабдықтау мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырылды.

Кеңеске жылу және сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері де қатысты.

Кеңеске қатысушылар ағымдағы проблемалық мәселелерді, оларды шешудің ықтимал жолдарын, сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шығыс қазақстан облысы бойынша жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік аспаптармен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған одан арғы іс-шараларды талқылады.

Аспаптандыру бойынша жобаларды іске асыру мақсатында Р.М. Кулов есептеу аспаптарын орнатуды «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның қаржыландыру тетіктерін ұсынды және қаржылық лизинг пен мақсатты кредит беру шеңберінде қаржыландыру тәртібі бойынша егжей-тегжейлі түсіндірулер ұсынды.