ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
АСПАПТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС
2021 жылғы 31 наурызда "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Р.М. Кулов Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорын аспаптандыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңеске жергілікті атқарушы органдардың, жылу және сумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ – қаржылық лизинг пен мақсатты несиелендіруді қаржыландыру тетіктері бойынша толық ақпарат пен түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, жалпыүйлік есептеу құралдарын орнатудың артықшылықтары айтылып, халыққа арналған жалпыүйлік есептеу құралдарының экономикалық әсерінің мысалдары келтірілді, сондай-ақ тұрғын үй - коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпыүйлік жылу және су есептеу құралдарымен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін аспаптандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажеттілігі айтылды.

Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар жалпы үй қажеттіліктеріне жылу және ыстық сумен жабдықтау үшін төлем есептеу әдістемесін қайта қарау қажеттілігі, жаңа құрылыстарды салушылар орнататын үйге ортақ есептеу аспаптары үшін деректерді қашықтықтан беру жөніндегі талаптарды енгізу қажеттілігі, есептеу құралдарын орнатуға тұрғындармен шарттар жасасу мәселелері сияқты аспаптандырудың проблемалық мәселелерін талқылады.