ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ТКШ саласындағы IT-компаниямен кеңес
2021 жылғы 1 сәуірде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да «DIGITAL BUSINESS SERVICES» ЖШС компаниясының өкілдерімен кеңес өткізілді. «DIGITAL BUSINESS SERVICES» ЖШС көппәтерлі тұрғын үйлердің қызметін цифрландыру саласында өзіндік бағдарламалық өнімдері бар қазақстандық IT-компаниясы болып табылады.
01
апрель

Кеңесте көппәтерлі тұрғын үйлер мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті онлайн режимде басқаруға мүмкіндік беретін AULA мобильді қосымшасы таныстырылды.

AULA басқарушы компаниялар үшін CRM жүйесі ретінде әрекет ете алады, тұрғындарға мобильдік қосымша арқылы, сондай-ақ диспетчерлік пунктке өтінім беріп, кейіннен жүйеде бекітуге мүмкіндік береді.

ЭЦҚ бар хаттамаларға қол қою арқылы электрондық дауыс беру процесі көрсетілді.

Қосымша IoT Заттар интернеті (бейнебақылау, шлагбаумды, домофонды басқару, сондай-ақ ішкі инженерлік желілердің мониторингі) арқылы үйді басқару бағытында дамуда.

Бүгінде компания шамамен 12 мың пәтерге қызмет көрсетеді, 6000 пәтер диспетчерлік қызметке қосылған, 1000-нан астам пәтерде «ақылды үй» жүйесі орнатылған.