ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Шымкент қаласында бейнеконференц байланыс форматында өткізілген тұрғын үй қатынастары және ТКШ саласындағы реформаны іске асыру жөніндегі республикалық кеңес.
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде 9-10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Құрылыс және ТКШ істері комитетінің басшылығы және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Н.Н. Серіков пен Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы М.Ж. Әбдікәрімов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды.
10
апрель

Іссапар аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Е.А. Дауылбаевтың, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларының, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен бейнеконференц байланыс арқылы кеңес өткізілді. Жергілікті атқарушы органдарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңнаманың негізгі ережелері таныстырылып, ТКШ саласын цифрландыру мәселелері мен КТҚ (кәріз тазарту құрылыстары) мәселелері талқыланды. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті кейбір өңірлерде басқарудың жаңа нысандарына көшу кезінде туындайтын проблемаларды атап өтіп, осы іс-шараларды іске асыруды жеделдету, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, «ТКШ ҚазОрталығы» «Көрме» орталығының конференц-залында Шымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды жүзеге асыратын тұлғаларға арнап үш семинар-кеңес өткізді. Санитарлық режимді сақтай отырып ұйымдастырылған әрбір басқосуға қатысқандардың саны 100 адамнан асқан жоқ. Аталмыш жиынның барысында Н.Н. Серіков тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрландыру туралы сөз қозғап, М.Ж. Әбдікәрімов ТКШ саласындағы реформа және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген соңғы өзгерістерге тоқталды. Кездесу аясында тұрғын үй қатынастары саласындағы түрлі мәселелер, атап айтқанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын алу, ПИК-тен МИБ-ке немесе ЖС-ке көшу және т.б. мәселелер тыңдалды.

Іссапар шеңберінде жұмыс тобы Шымкент сити шағын ауданындағы «Shymkent Green City» тұрғын үй кешеніне барып, Тұран шағын ауданы мен Арғынбеков көшесінде салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. 9 сәуір күні жаңадан салынған «Бақыт» тұрғын үй кешені таныстырылып, жергілікті атқарушы органдардың және аталған кешен тұрғындарының қатысуымен кеңес өткізілді.

10 сәуірде «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қызметкерлері «Су ресурстары маркетинг» ЖШС қалалық кәріз тазарту имаратының жұмысымен танысты. Сол жерде оларға ағынды суларды тазарту жүйесінің және электр энергиясын өндіру үшін тұнбаны қайта өңдеу кешенінің жұмысы көрсетілді.

Сондай-ақ, жергілікті телеарналарға ТКШ саласындағы реформа тақырыбында сұхбат берілді. Спикерлер ретінде МИБ төрағалары және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Әбдікәрімов Марғұлан Жеңісұлы сөз сөйледі.

 

Сұхбатты бейнероликтер бөлімінен көре аласыз.