ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТКШ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС
2021 жылғы 31 тамызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Инфрақұрылымдық жобалар департаментінің басшысы А.Т. Садвакасовпен және басшының орынбасары Е.Б. Құттыбаймен Маңғыстау облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлескен «аспаптандыру» және «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын азайту», сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде МИБ немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде жай серіктестіктер құру бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері жөнінде кеңес ұйымдастырылды.
31
август

Кеңеске Маңғыстау облысының энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Ақтау қаласының ТКШ бөлімінің бастығы, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, Мұнайлы ауданының ТКШ бөлімінің бастығы, Мұнайлы ауданының ТКШ дамыту бөлімінің бастығы және Маңғыстау облысы бойынша ТМС басшылары қатысты.

Кеңес барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жылумен, сумен жабдықтау және су бұру және есептегіш аспаптарды орнату саласында инвестициялық жобаларды қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері, сондай-ақ МИБ немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде жай серіктестіктер құру мәселелері түсіндірілді.

Бұдан басқа, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысы бойынша жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік құралдармен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған одан арғы іс-шаралар талқыланды.

Айта кететін жайт, талқылау барысында табиғи монополиялар субъектілері бюджеттік несие алуға қызығушылық танытты.