ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТКШ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС
2021 жылғы 3 қыркүйегінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Инфрақұрылымдық жобалар департаментінің басшысы А.Т. Садвакасовпен және басшының орынбасары Е.Б. Құттыбаймен Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлескен «аспаптандыру» және «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын азайту», сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде МИБ немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде жай серіктестіктер құру бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері жөнінде кеңес ұйымдастырылды.
06
сентябрь

Кеңеске сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының энергетика және ТКШ басқармасының және табиғи монополиялар субъектілерінің басшылығы қатысты.

Кеңес барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жылумен, сумен жабдықтау және су бұру және есептегіш аспаптарды орнату саласында инвестициялық жобаларды қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері, сондай-ақ МИБ немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде жай серіктестіктер құру мәселелері түсіндірілді.

Бұдан басқа, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысының бойынша жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік құралдармен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған одан арғы іс-шаралар талқыланды.

Айта кететін жайт, талқылау барысында табиғи монополиялар субъектілері бюджеттік несие алуға қызығушылық танытты.