ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Әлеуметтік желілер:
E-mail:
info@zhkh.kz
Телеграм Бот
Жаңалықтар
Павлодар облысы бойынша ТКШ жаңғырту және дамыту мәселелері бойынша кеңес.
2021 жылғы 13 қыркүйекте «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы" АҚ инфрақұрылымдық жобалар департаментінің бас менеджерлері Р.Т. Беркенов және А. А. Аманғажы Павлодар облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Аспаптандыру» және «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын азайту» бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырды.
13
сентябрь

Кеңеске Павлодар облысының энергетика және ТКШ басқармасының өкілі және табиғи монополиялар субъектілерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ жылу, сумен жабдықтау және су бұру және есептеу аспаптарын орнату саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері түсіндірілді.

Бұдан басқа, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысы бойынша жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік құралдармен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған одан арғы іс-шаралар талқыланды.

Айта кететін жайт, талқылау барысында табиғи монополиялар субъектілері бюджеттік несие алуға қызығушылық танытты.