ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Call-центр:
+7 (7172) 57-65-52,   57-65-53,   57-65-51
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» және «THT Heat Exchange Technology, INC.» (Қытай) жылумен жабдықтау, энергия тиімділігі және жылу желілерін басқаруды цифрландыру саласындағы технологияларды дамыту туралы меморандумға қол қойды
Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті басшылығының тапсырмасы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы») атынан Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев пен «THT Heat Exchange Technology, INC.» атынан THT Group Du Yitao даму жөніндегі директоры Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты
31
январь

Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті басшылығының тапсырмасы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы») атынан Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев  пен «THT Heat Exchange Technology, INC.» атынан THT Group Du Yitao даму жөніндегі директоры Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

«THT Heat Exchange Technology, INC.» парниктік газдар шығарындыларын азайтуда шешуші рөл атқаратын көміртексіздендіру және көмірқышқыл газын (СО2) сезу жүйелері саласында мамандандырылған жетекші қытайлық компания. Компания жылумен жабдықтау, энергия тиімділігін арттыру және жылу желілерін басқаруды цифрландыру саласында көш бастап тұр, жылу беру, пайдаланылған жылуды қайтару технологиясы -қайталама энергияны қайта пайдалану бойынша жабдықтар мен компоненттерді ұсынады. Компанияның жылдық өндірістік қуаты 1 миллион шаршы метр пластиналық жылу алмастырғыш және 5000 жүйелік интеграциялық құрылғы жиынтығы. Сондай-ақ, компания американдық жылу беру қауымдастығының және ауаны баптау, жылыту және салқындату жүйелерін өндірушілер қауымдастығының мүшесі болып табылады.

«THT Heat Exchange Technology, INC.» компаниясының делегациясы «ТКШ ҚазОрталығы» өкілдерімен бірге қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесін зерделеу мақсатында Астана қаласындағы орта мектепке барды, одан кейін «ТКШ ҚазОрталығымен» тағы бір кездесу өткізілді, онда «THT Heat Exchange Technology, INC.» компаниясының мүмкіндіктері және жылумен жабдықтау жүйелеріндегі цифрлық инновациялар егжей-тегжейлі талқыланды. 

Меморандумға сәйкес «ТКШ ҚазОрталығы» мен «THT Heat Exchange Technology, INC.» бірлесіп тұрғын үй кешені инфрақұрылымының энергия тиімділігін арттыруды іске асыруға, энергия және ресурс үнемдеу технологияларын ілгерілету арқылы Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға жәрдемдесуге ниетті.