ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-да «Қазақстандағы сарқынды суларды тазартуға арналған мембраналық технологиялар: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ алаңында мемлекеттік органдардың, Азия Даму Банкінің және суды тазарту технологияларын жеткізуші компаниялардың өкілдерімен «Қазақстандағы сарқынды суларды тазартуға арналған мембраналық технологиялар: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өткізілді
03
апрель

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ алаңында мемлекеттік органдардың, Азия Даму Банкінің және суды тазарту технологияларын жеткізуші компаниялардың өкілдерімен «Қазақстандағы сарқынды суларды тазартуға арналған мембраналық технологиялар: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел шеңберінде сарқынды суларды тазарту үшін мембраналық технологияларды қолдану кезінде кездесетін негізгі ерекшеліктер мен кедергілер қарастырылды.

«Зенгир НС» компаниясының бас директоры Еркін Кенжебаев мембраналық технологияның негізгі аспектілерін ұсынды, оның тиімділігі мен осы саладағы халықаралық тәжірибесін айтып өтті. Баяндамада сонымен қатар сарқынды суларды тазарту саласында бар негізгі проблемалар атап өтілді.

«InterTech System Ltd.» ЖШС директоры Бейбіт Сұлтанбаев және «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ жанындағы сумен жабдықтау және су бұру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Болат Қасымов осы саладағы заманауи технологияларды дамыту және тазарту құрылыстарын жаңғыртуға инвестициялардың тиімділігін арттыру механизмдері туралы өз ойларымен бөлісті.

«Водэкофильтр» ЖШС зауытының директоры Сергей Рабцевич ауыз судың тұздану проблемасының өзектілігін және сарқынды суларды тиімді тазарту үшін ультрафильтрациялық қондырғыларды пайдалану қажеттігін атап өтті.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ кәріздік тазарту құрылыстары департаментінің директоры Әміре Әнуарбек жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы негізінде технологияларға салыстырмалы талдау жасады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, соның ішінде Азия Даму Банкінің техникалық сарапшылары мембраналық технологияларды қолдану бойынша жалпы оң баға берді, алайда олардың қымбаттығына және қызмет көрсету үшін персоналдың біліктілігіне қойылатын жоғары талаптарға қатысты алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты, «Sueco» ЖШС суды тазарту технологиясын өндіруші компанияның директоры Данияр Сейполдиннің мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы сарқынды суларды тазарту бойынша мембраналық және басқа да технологияларды қолдану жобаларын іске асырудың орындылығы туралы ұсынысы қолдау тапты.

Сөз соңында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аділхан Умербаев дөңгелек үстелді қорытындылай келе, КТҚ-ның бірінің базасында сарқынды суларды тазарту бойынша мембраналық және басқа технологияларды қолдануға пилоттық сынақтар жүргізуді және тәжірибеде күрделі және пайдалану шығындарын бағалауды, сондай-ақ кәріз-тазарту құрылыстарының ЖСҚ әзірлеу кезінде әртүрлі технологияларды салыстыру қажеттігін ұсынды.

«ТКШ ҚазОрталығы» бұдан кейін сарапшылардың, даму институттары мен технология өндірушілерінің қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым саласындағы өзекті тақырыптар бойынша сараптамалық қоғамдастықтың осындай кездесулерін өткізуге ниетті.