Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Талдау жүргізу кезеңі: ағымдағы жылдың 11 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша ұсыныстар болған жағдайда ақпаратты compliance.officer@zhkh.kz электронды поштасына жолдауды сұраймыз, құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.