ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Qazaqstan Ұлттық арнасының «Ашық алаң» бағдарламасында «Үйі бірдің-күйі бір» тақырыбында тікелей эфир өтті
Эфирде көтерілген басты мәселе, тұрғын үй шаруашылындағы реформалар. Яғни көп пәтерлі тұрғын үйлердің қазіргі басқарушы формасы болып табылатын пәтер иелерінің кооперативтері, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мүлік иелерінің бірлестігіне (МИБ) немесе жай серіктестік (ЖС) басқарушы формасына ауысуы.
16
февраль

Бағдарламаның жүргізушісі әйгілі журналист - Мақсат Толықбай.

Реформаның жай-күйін талқылау мақсатында студия қонақтары ретінде «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Әбдікәрімов Марғұлан Жеңісұлы, Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының Сарыарқа ауданы инспекциясы бөлімінің басшысы Көшкінбай Еркебұлан Маратұлы, «Көктем» ТК тұтынушыларын қорғау қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Бұршақпаева Гүлбаршын Болатқызы және «Лесная поляна 20 үй» МИБ төрағасы Меңжасаров Еркебұлан Дуйсенұлы шақырылды.

Бағдарламада спикерлер жаңа басқару формасының артықшылықтары мен өзгешіліктерін сараптап, бұрынғы жүйедегі кемшіліктер мен ескірген ережелеріне қатысты анықтама пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, жаңа басқару формасына қарасты көпшілікте пайда болған өзекті сұрақтар талқыланып, заң жүзінде жүзеге асырылатын нормативтік-құқықтық актілер және орындалуға тиіс нормалар жөнінде  акционерлік қоғамның өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Әбдікәрімов Марғұлан Жеңісұлы түсініктеме беріп, сұрақтарға жауап берді.

Студияға тұрғындар тарапынан әлеуметтік желіден келіп түскен сауалдарда болды. Эфирде көрермендерді толғандырған мәселелер бірі жаңа басқару формасы МИБ пен бұрынғы пәтер иелерінің кооперативтерінің тарифтері жайлы да мәселелері қозғалып, спикерлер тарапынан түсініктемелер берілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдың басынан бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына түзетулер күшіне енді. Түзетулерге сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқарудың жаңа тетіктері қарастырылған. Басты қағида: «Бір үй - бір бірлестік - бір шот». Аталған принцип әр үйді басқарудың жеке тәсілін ескереді. Бұл тұрғындарға тек өз үйін күрделі жөндеуге қаражат жинауға, қаражаттың түсуі мен олардың мақсатты жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Бағдарлама эфирін zhkh.kz сайтының бейнероликтер бөлімінде көруге болады.