ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«Atameken» арнасының «Время говорить» бағдарламасында тұрғын үй коммуналдық шарушалығындағы реформаларға қатысты тікелей эфир өтті
17 ақпан сағат 20.28-де өткен тікелей эфирге Қазақстан Республикасының Мәжіліс Депутаты Рау Альберт Павлович, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Әбдікәрімов Марғұлан Жеңісұлы, Нұр-Сұлтан қаласының «Айнакөл 561» МИБ-тің Төрағасы Дулат Жетпісбаев қатысты.
17
февраль

Бағдарлама жүргізушісі – Данил Москаленко.

Эфир барсысында  көппәтерлі тұрғын үйлердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес,  мүлік иелерінің бірлестігіне  немесе жай серіктестік ретінде басқарушы формасына көшу процесінде туындайтын сұрақтар қозғалды. Ондағы жаңа басқару формасына көшуді жеделдетудің жолдары, бұрынғы басқарушы органдар ПИК-тер мен жаңадан құрылған МИБ-тердің заңды міндеттемелері мен құқықтары және орындалуға тиіс нормалары, жергілікті атқарушы орагандардың бұл процесті желдетудегі құзіреті мен тұрғындардың өз жауапкершіліктері туралы болды.

Қазақстан Республикасының Мәжіліс Депутаты Альберт Рау, тұрғын үй заңнамасына еңгізілген түзетулер мен толықтырулар жаңа басқару жүйесінде ашықтық пен ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған, бұрынғы жүйе мен салыстырғанда әлде қайда тұрғындарға тиімді етіп жасалғандығын алға тартты.

Дегенмен, жаңа жүйеге кедергісіз көшуге бір қатар мәслелер де бар. Бұл бұрынғы басқарушы орган болып табылған кейбір ПИК-тер тарапынан жаңа басқару формасы МИБ-ке тиісті Ережеге қатысты құжаттарды жасанды түрде бермеуі және көшу процесі барысында туындайтын тағыда басқа сұрақтар.

Бұл бағытта эфир қонағы, «Айнакөл 561» МИБ-тің төрағасы Дулат Жетпісбаев  аталған жаңа формаға көшу процесін өз тәжірибесі негізінде атақарған жұмысын мысалмен баяндады. Оның айтуынша МИБ-ті құруға тек тұрғындардың ынтасы қажет, өйткені көппәтерлі үйдің әрібір  тұрғыны өз үйіне жауапты. Осындай жауапкершілікпен басталған іс, өз жемісін берді дейді.

ПИК-тен МИБ-ке көшудегі және оны заң шеңберінде құрудағы тетіктері туралы, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда, ТКШ «ҚазОрталығы» АҚ-мы мен туындаған мәселелрді шешу жолдарын түсіндіру бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде және  жалпы жаңа басқару формасына көшуге қажетті заңнамалық, түсіндірме материалдарды zhkh.kz сайтынан қарап алуға болатындығын ақпараттандырып өтті.