ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Жылу мен суды есепке алу құралдарын шығаратын зауытқа бару
2021 жылғы 18 наурызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басшылығы Нұр-сұлтан қаласындағы «АЕТKAZ «Ғылыми-өндірістік бірлескен кәсіпорны» ЖШС өндірістік базасына барды.

Бұл компания Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық секторы үшін жылуды есептеу аспаптары мен көлем есептеуіштерін отандық өндіруші болып табылады.

Компания басшылығы және өндіріс қызметкерлері көлем өлшегіштер мен жылу есептегіштерді құрастырудың өндірістік желісін, сондай-ақ есептеу аспаптарына метрологиялық тексеру жүргізуге арналған қазіргі заманғы стационарлық тексеру зертханасын көрсетті.

Компания шығаратын үйге ортақ жылуды есептеу құралдары ел өңірлерінде, оның ішінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ қаржы лизингі бағдарламасы бойынша да орнатылуда.

Сапар барысында отандық тауар өндірушілерді одан әрі дамыту және қолдау мәселелері, сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік аспаптармен жабдықтау деңгейі бойынша жалпы республикалық көрсеткішке қол жеткізуге бағытталған одан арғы іс-шаралар талқыланды.