ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ТКШ саласындағы цифрландыру және кедергілер бойынша кеңес
2021 жылғы 30 наурызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да «Smart-Ex» ЖШС компаниясының өкілдерімен кеңес өткізілді.

Кеңесте мүліктің меншік иелері бірлестерін құру және тіркеу мәселелері бойынша ағымдағы кедергілер, сондай-ақ шешу жолдары қарастырылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру және көппәтерлі тұрғын үйлерді электрондық паспорттау мәселелері талқыланды. Компания тұрғын үй қоры бойынша деректер базасын қалыптастыруды қамтамасыз ету және саладағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді.

2021 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отырған Орталықтандырылған жинаудың ақпараттық жүйесінің (Е-шаңырақ) функционалы қосымша қарастырылды.